Каспийде 67 млн тонна мұнай қоры бар жаңа кен орындары игеріледі

мұнай
Фото: a-smirnov.ru

Атырау. 26 мамыр. 7kun.kz — Атырау облысындағы Каспий теңізі қайраңында 67 млн тонна мұнай қоры бар жаңа кен орындары игеріледі. Бұл туралы inform.kz хабарлады.

«Қазіргі уақытта НКОК акционерлері Солтүстік Каспий жобасы аясында өңірдегі бизнес-әріптестермен басқа кен орындарымен  ымыраға келу арқылы перспективалы жаңа жерлерді игеру жақтарын қарастырып жатыр. Қазір НКОК «Каспий Меруерті Оперейтинг Компани Б.В.» компаниясымен шығындарды төмендету мақсатында өзінің Қаламқас-море және  «Каспий Меруерті Оперейтинг Компани Б.В.» компаниясының Хазар кен орындарын бірлесіп игеру жөнінде әріптестік байланыс орнатты». Бұл екі кен орнын қосқандағы мұнай қоры 67 млн тоннаны құрайды. Бірлесіп игеру Орта Каспийдегі жаңа кезеңдер мен жаңа кен орындарын игеруге септігін тигізуі ықтимал», — дейді «НКОК» компаниясының техникалық директоры Рам Ситхарам.