Катардың әйгілі AlRayan банкі Қазақстанда филиал ашады

447
Қазақстандық
Фото: psm7.com

Бұл туралы Қазақстан мен Катардың 5-ші үкіметаралық комиссиясының отырысында белгілі болды.

Бүгін Қазақстанға Катардың Сауда және өнеркәсіп министрі Әли бен Ахмед Әл-Кувари бастаған делегация келіп, үкіметаралық комиссия отырысы өтті. Жиында алғашқы болып сөз алған Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің айтуынша екі ел қаржы, банк саласында бірлескен жұмыс жүргізіледі. Атап айтқанда «Masraf AlRayan» банкі ашылып, АХҚО алаңында «Qatar International Islamic Bank» листингтен өтеді.

Қазір банк Астана өңірлік қаржы орталығында тіркеуден өтуде. Ашылса Қазақстан мен Катар арасындағы сауда-экономикалық қатынастарына араласады, келісім-шарттар осы банк арқылы өтеді және банк Қазақстанда ауыл шаруашылығы, тау-кен ісі тағы басқа экономиканың басым салаларын қаржыландыруы мүмкін. Сондай-ақ жеке тұлғаларға да қызмет көрсетуі мүмкін. Банк исламдық қаржыландыру принципімен жұмыс істейді.

Әли бен Ахмед Әл-Куваридің айтуынша банк digital-банкинг қызметін де ұсынады.

Жиында Қазақстандық қаржы, инвестиция саласында «Qatar Investment Authority» банкі де жұмыс істей бастайтыны туралы айтылды.