KAZ Minerals банктер синдикатымен 1 млрд долларға дейінгі кредитін қайта құрылымдауға келісті

80
KAZ Minerals
Фото: eiti.org

Алматы. 29 қаңтар. 7kun.kz — KAZ Minerals тобының экспорт алдындағы несие желісі қайта қаржыландырылды, ол қарыз алу лимитін 1 млрд долларға дейін ұлғайтуды, несие желісі бойынша пайыздық маржаның мерзімін ұлғайтуды және төмендетуді қамтиды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«Несие желісін 1 млрд долларға дейін ұлғайту нарық тарапынан күшті қолдау бар екенін көрсетеді, жаңа желі синдикаттау барысында айтарлықтай өзгерді. Жаңа несие желісі қолданыстағы желі аясындағы 300 млн доллар қарызды тағы 700 млн долларға нетто ұлғайтуды көздейді. Топ оны 2020 жылғы ақпан айының соңына қарай толық игеруді жоспарлап отыр», — делінген хабарламада.

Сонымен бірге, компания банк синдикаты 12-ден 19 несие берушіге дейін өскенін атап өтті.

«Қаржыландыруды уәкілетті жетекші ұйымдастырушылар (MLA) – Deutsche Bank AG, ING Bank NV, Société Générale, ABN AMRO Bank NV, Bank of China Limited, Crédit Agricole Corporate and Investment Bank, Credit Suisse AG, ICBC London, Natixis және «Совкомбанк» ЖАҚ. Несие желісіне қатысушы басқа несие берушілер – Bank of Montreal, DZ Bank AG, Intesa SanPaolo S.P.A., Mizuho Bank, Sumitomo Mitsui Banking Corporation, HSBC Bank PLC, KFW Ipex-Bank GMBH, Raiffeisen Bank International AG және Citibank N.A», — делінген хабарламада.

Бұл ретте Deutsche Bank AG сенімді басқарушы ретінде ING Bank сияқты агент-банк рөлін жалғастырады.

Өтеу кестесі енді 3,5 жылға созылды — 2021 жылдың маусымынан бастап 2024 жылдың желтоқсанына дейін.

«Қол қоюдан кейін бір және екі жыл өткен соң орындалуы мүмкін жыл сайынғы ұзарту жөніндегі екі опцион; олар орындалған жағдайда желіні өтеудің соңғы мерзімі тиісінше 2025 жылдың желтоқсанына немесе 2026 жылдың желтоқсанына дейін ұзартылатын болады («Ұзарту жөніндегі опциондар»)», — деп хабарлады KAZ Minerals.

Сондай-ақ, 2021 жылғы қаңтарда басталып, 2024 жылғы желтоқсанға дейін төрт жыл бойы (немесе ұзарту жөніндегі опциондар орындалатын болса, 2026 жылғы желтоқсанға дейін алты жыл бойы)  жалғасатын негізгі борыштың ай сайынғы төлемдері бар өтеудің кестесі қайта қаралды.

«(Шарттар бойынша — Ред.) 2024 жылдың желтоқсанында өтеу мерзімі басталған жағдайда кредиттің қалдық сомасының үштен бір бөлігін (333 млн доллар) біржолғы төлемі; немесе ұзарту жөніндегі опциондар орындалатын болса, 2025 және 2026 жылдар ішінде тең бөліктермен өтеу «, — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, бастапқыда LIBOR ставкасының үстінен 2,50% деңгейінде белгіленген пайыздық маржа төмендетілді (бұрынғы
(қолданыстағы кредиттік желі аясында – 3,00%).

«Маржа несие желісінің әрекет ету мерзімі ішінде 2,25%-дан 3,50%-ға дейінгі ауқымда АҚШ долларындағы LIBOR мөлшерлемесінің үстінен, жарты жылда бір рет тексерілетін таза қарыз бен EBITDA арақатынасына байланысты өзгеріп отырады», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, KAZ Minerals — Қазақстандағы жетекші мыс өндірушілердің бірі, сондай-ақ ілеспе өнім ретінде мырыш, күміс және алтын өндіреді. Топ құрамына Қазақстандағы бірнеше кәсіпорын, сондай-ақ Қырғызстандағы алтын-мыс кеніштері кіреді.

2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша KAZ Minerals-тың ірі ортақ иеленушілері қазақстандық миллиардер, «Қазақмыс» корпорациясының тең иесі Владимир Ким (Cuprum Holding Limited арқылы 31,06% иелік етті), сондай-ақ қазақстандық бизнесмен Олег Новачук (Harper Finance Limited арқылы 7,65% иелік етті) болды.