KAZ Minerals Бозшакөл мен Ақтоғай жобаларына $1,6 млрд бағыттайды

570
KAZ Minerals Бозшакөл мен Ақтоғай жобаларына $1,6 млрд бағыттай

KAZ Minerals тобы 2015 жылы Бозшакөл тау-кен байыту комбинатының (ТБК) күрделі шығынына $900 млн, Ақтоғай ТБК — $500-$700 бағыттауды жоспарлап отыр деп хабарлады бейсенбі күні топтың баспасөз қызметі.

2014 жылы Бозшакөл ТБК күрделі шығындары $500 млн болды, Ақтоғай ТБК-нікі — $400 млн.

Бозшакөл құрылысына жұмсалатын күрделі шығынның жалпы көлемі $2,2 млрд, Ақтоғай ТБК $2,3 млрд бағаланды.

Есептік кезең ішінде Көксай өсімінің үшінші жобасының күрделі шығыны $4 млн болды, 2015 жылы, болдам бойынша, олар 15 млн доллардан аспайды.

«2014 жылы сатылынып алынған Көксай өсімінің үшінші жобасы тұжырымдамалық өңделу кеңезінде. 2014 жылы кен орнында бұрғылау жұмыстары басталып, ағымдағы жылы жалғасын табады», — деп айтылған хабарламада.

Шығыс өңірдегі өндірісті қолдауға бөлінген күрделі шығындар 2014 жылы $53 млн болды, бұл күтілетін шығыстан төмен, бұл инвестициялардың бір бөлігі 2015 жылға аударылуымен түсіндіріледі делінген хабарламада.

«Ағымдағы жылы осы мақсаттарға $80-100 млн жұмсау көзделіп отыр, оның ішінде $25 млн Артемьев кеніші мен Николаев кен байыту фабрикасы арасындағы көліктік инфрақұрылымды оңтайландыруға және Николаев кен байыту фабрикасының модернизациясын аяқтауға бағытталады. Шамамен $20 млн Артемьев кенішінің екінші кезегінің құрылысына инвестиция ретінде бөлу жоспарланған», — деп түсінік беріледі пресс-релизде.