Басты бетке Қаржы Банк жаңалықтары Қазком банкоматтардағы ақша жетіспеушілігін түсіндірді

Қазком банкоматтардағы ақша жетіспеушілігін түсіндірді

387
сыбысқа
Фото:ic24.kz

Алматы. 24 шілде. 7kun.kz — Қазком банкоматтарындағы ұсақ купюраның жетіспеушілігіне қатысты шағымдарға жауап берді. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұсақ және орта құнды купюралары үлкен сұранысқа ие. Одан бөлек, 20 мың теңге купюрасы да кең  таралған. Себебі Қазкоммерцбанк банкоматтарынан қолма-қол ақша транзакциясының орташа бағамы 40 мың теңгені құрайды. Осыған байланысты банк қажетті пропорциялармен банкоматтарды толтырады.

Банкоматты инкассациялау кезінде оған әрқайсысы бір номиналды купюрадан тұратын кассеталар салынады. Қазком банкоматынан қолма-қол ақша алған кезде карта қолданушысы мәзірден қажетті купюра белгісін (ірі, ұсақ, біркелкі шығарылым) таңдайды, ал банкомат тұтынушы қалауына сәйкес сұралған номиналдар бойынша ақша береді.

Ал кассета босап қалған кездерде, тұтынушыға купюралары бар қалған кассеталардағы қаржы беріледі.

Банкоматтардың барлығы 20 мыңдық купюраларды қабылдамайды деген шағымға қатысты банк былай жауап берді: жаңа купюраның шығуынан бастап бағдарламалық қамтамасыздандыруға жарты жылдай уақыт кетеді.

«Алдымен купюралар нарық айналымында қажетті кезеңнен өтуі қажет. Кейін банк ескі, жаңа, тозған, жалпы әртүрлі қолданыста болған банкноттарды жинап, банкомат өндірушілеріне жібереді. Бағдарлама жазылғаннан кейін, ол тексерістен өтеді. Осыдан кейін банк дайын бағдарламамен өнімді сатып алады да, әрбір банкоматқа жеке енгізеді. Дәл қазіргі уақытта банкоматтарды өңдеу кезеңі әлі аяқталған жоқ», — деп атап өтті банк өкілдері.