Кеген ауданында 1 млн теңге пара алды деген күдікпен бөлім бастығы ұсталды

аудандық
Фото: tengrinews.kz

Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Кеген ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысын жемқорлық фактісі бойынша ұстады. Бұл туралы облыстық департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап inform.kz хабарлады.

«Ол 2022 жылғы 18 ақпанда Кеген ауданының жолдарын жөндеу бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне, сондай-ақ объектілерді пайдалануға беру актілеріне қол қойғаны үшін мердігер ұйымның директорынан 1 000 000 теңге сомасында пара алған», делінген хабарламада.

20 ақпанында Талдықорған қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған. Тергеу жалғасуда.

Кеген аудандық әкімшілігінің сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, бұл қызметті Нұрғазы Қазбек Дәулеткелдіұлы атқарады. Кеген ауданының «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметін 2018 жылдың тамыз айынан  бастап атқарып келген.