Кеген ауданының тұрғындары ауыз су мәселесінің шешілуін талап етуде

Алматы облысы. 14 тамыз. 7kun.kz – 32 елдімекені бар Кеген ауданында ауыз суға жарымай отырған ауылдар бар, деп хабарлайды 7kun.kz  Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

Кеген ауданының тұрғындары тұщы судан тарыққандарын айтып, облыс әкіміне осы түйткілді тездетіп шешу керектігін хабарлады.

«Бөлексаз ауылында да ауыз су 3 жылдан бері қосылмай отыр. Бұл серіктестіктің ісі сотқа берілген. Алайда нәтиеже шықпай отыр. Жаңадан салынатын құрылыстарда біріншіден технозорлардың жұмысы өте төмен дәрежеде болып отыр. Тіпті жоқ десек те болады», – деді Кеген ауданы қоғамдық кеңесінің төрағасы Халық Қайыпов.

Әкімдіктік өкілдерінің айтуынша, тапсырманы дұрыс орындамаған мердігерлерді сотқа тартылған. Алайда олардың жұмысына жауапкершік алмайтынын айтса да, ауыз су тапшылығының алдын алмаған.

«Ауыл ел бесігі бағдарламасы аясында 2020 жылы басталып, 2021 жылы аяқтауы тиіс жоба болатын. Бүгінгі күнде 7,6 шақырым бізде су трассасы тартылып отыр.  Бүгінде  95 пайыз жұмыс орындалды. Қалаған 5 пайыз жұмысты  бітірер кезде әлгі мердігер салғырттық танытып, бітірмеді», – деді Кеген ауданының әкімі Талғат Байеділов.  

Сондай-ақ ауданның медицина саласында да біраз қиындықтар  бар. Кегендегі медициналық көмек көрсететін 31 мекеменің көбі көне және оларға маман тапшы.

«Күрделі жөндеу жұмыстары бірінші рет жүріп жатыр.  31 тамызда жөндеу жұмыстары аяқталады.  4 дәрігер тапшылғы бар. Қазіргі уақытта, 2 жалпы тәжірбиелі дәрігер, бір онколог, бір окушер гинеколог керек. Олардың бәрі жыл аяғына дейін тапшылық жойылады», – деді Кеген аудандық ауруханасының бас дәрігері Алмас Тілеулиев.

Кеген халқы үй мәселесін де біржақты етілуін сұрауда. Мәселен биыл Кеген ауданында 2,6 мың шаршы метр болатын құрылыс аяқталған, алайда бұл облыс үлесінен небәрі 0,4%.

«2021 жылы 36 үй салынды. Бүгінгі күні 51 үй толық пайдалануға берілді. Биылға жылы 20 үйдің құрылысы басталды. 20 үй бұл кредиттік несиелік үйлер, бұл жерде әлеуметтік сала мамандары алынады. Әлеуметтік осыл топтар топ-тоқа бөлінеді ғой, соларды кезең-кезеңімен қамтамасыз етіп отырамыз. Жиырма үй салынып жатыр, отыз үй салынады дегеннің өзінде әлі де қарқынды құрылыс керек», – деді Кеген ауданы әкімінің орынбасары Бота Серікқызы.

Аудан халқымен арнайы кездесуге келген облыс әкімі жауапты басшыларға аталған мәселелерді шешуге қатаң тапсырма берді.