KEGOC дивидендтерге 17,4 млрд теңге бағыттады

16
KEGOC

Алматы. 14 қараша. 7kun.kz — 2019 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша KEGOC дивидендтерді төлеуге 17,4 млрд теңге жіберді. Бұл туралы компанияда хабарлады.

Дивидендтер 2019 жылдың 12 қарашасында төленді. Бір жай акцияға есептелген дивиденд мөлшері 67,17 теңгені құрайды. KEGOC акционерлеріне дивидендтер түрінде төленген қаражаттың жалпы сомасы 2019 жылдың бірінші жартыжылдығындағы компанияның таза табысының 77,336%-на тең.

Айта кетейік, KEGOC Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің жүйелік операторы қызметін атқарады, ұлттық электр желісінің (ҰЭЖ) активтерін иеленеді және басқарады .