Ким Чен Ын Трамптың қоқан-лоққысына жауап берді

231
Ким Чен Ын
Фото: gdb.rferl.org

Алматы. 22 қыркүйек. 7kun.kz – КХДР президенті Ким Чен Ын АҚШ президенті Дональд Трамптың КХДР-ді толықтай жойып жіберемін деген қоқан-лоққысына жауап берді. Бұл туралы vedomosti.ru жазады.

“Дональд Трамптың БҰҰ сөз сөйлегенді КХДР-ді толықтай жойып жіберемін деген сөзі үшін АҚШ қатаң жауап береді”, – деді Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын.
Ким Чен Ын мемлекеттік БАҚ арқылы жеке мəлімдеме жасады. Трамптың сөзін ол өз еліне тіл тигізді деп есептейді. Сонымен қатар, “Бұл əлем тарихындағы ең үлкен соғысты жариялау” , – дейді.
Енді КХДР басшылығы АҚШ-қа ең қатаң жауап беру мүмкіндігін қарастырады. “Бұл Трамп жақсы көретін бос ритора емес”, – деді ол.