Үкімет «АрселорМиттал» өнімдерін өткізуді көтерудің жолдарын қарастыруда

575
Үкімет «АрселорМиттал» өнімдерін өткізуді көтерудің жолдарын

Бұл жөнінде инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешов мәлімдеді.

«Ресейлік нарықтың жағдайы мәз емес. Соның әсері бізге де тиеді. Себебі, «АрселорМитталдың» металл бұйымдарға эскпорты 30%-ды құрайды. «АрселорМиттал» бойынша әкіммен және кәсіпорын басшысымен өнімдердің ішкі және сыртқы нарықтарда қолданылуын көтерудің түрлі жолдарын қарастырудамыз», — деді Исекешов мәжілістің кеңейтілген жиналысында.

2015 жылдың 2 қаңтарында «АрселорМиттал» АҚ дағдарысқа байланысты жұмысшылардың жалақысын 25-50%-ға қысқартатынын жариялаған болатын. Прокуратура компанияының бұл қылығын заңсыз деп тауып, жалақы мөлшерін толық төлеуді тапсырған еді. «АрселорМитталға» 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салды.

Инвестициялар және даму министрлігі басшысының сөзіне сүйенсек, келесі жылға дейін мыс, мырыш және қорғасын өндірістерінің көлемін сақтап қалу көзделіп отыр. «Тазартылған алтын мен ферроқорытпалардан аздаған өсім күтеміз. Қытайда сұраныстың азаюына байланысты темір кені шикізаты мыстың бағасы төмендеуі мүмкін» — деп министр сөзін жалғады.

«Мыс бойынша, «Қазақмыста» тиімділігі төмен екі кеннің жұмысы тоқтатылды, бірақ өндірістің физикалық көлемі сол қалпында қала береді. Осы жылы енгізілетін жаңа объектілерге жұмысшы мамандар тартылатын болады.

Өткен жылмен салыстырғанда аздаған бағалардың төмендеуі болса да, Соколов-Сарыбай тау-кен өндірісі бірлестігінің жұмысы осы жылы тұрақты болады», — деп санайды Исекешев мырза.

Химия өнеркәсібінде мемлекеттің қолдауымен жасалған шаралардың арқасында өндіріс көлемі өткен жылдағыдай болады деп күтілуде. «Қазфосфат» бойынша Еуропа мен Ресейдегі ахуалға байланысты аздаған тәуекелге баруға тура келеді, бірақ ұжым мен жұмыс орындары сол күйі сақталады», — деп сөзін түйіндеді инвестициялар және даму министрлігінің басшысы.

 Дереккөз: ИА Новости-Казахстан