Үкімет мүшелері Жаңаөзен тұрғындарымен кездесті

104
Жаңаөзен
Фото: primeminister.kz

Алматы. 18 наурыз. 7kun.kz – Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» бағдарламасын түсіндіру үшін Маңғыстау облысына барған үкіметтік жұмыс тобы Жаңаөзен қаласының тұрғындарымен кездесті.

«Мұнайшы» мәдениет үйіне үкіметтік делегациямен кездесуге Жаңаөзен қаласының 100 — ге жуық тұрғыны -көп балалы аналар, жұмыссыздар, ардагерлер, ҮЕҰ және қоғамдық ұйымдардың өкілдері келді. Ең өзекті көтерілген мәселелер — жәрдемақы алу, біржолғы материалдық көмек алу, Тұрғын үй мәселелерін шешу және жұмысқа орналастыру. 

Кездесу барысында халықтың табысы аз топтарын қолдауға, табысы төмен азаматтардың тұрғын үй мәселелерін шешуге, білім беру және денсаулық сақтау салаларын жақсартуға, өңірлерді кешенді дамытуға бағытталған жаңа шаралар туралы айтылды.

Гүлшара Әбдіқалықова 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын 30% — ға дейін арттыру денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы және басқа да салаларда жұмыс істейтін 1 миллионнан астам адамға тікелей әсер ететінін айтты. Бұл Маңғыстау облысындағы 27 мыңнан астам адамға қатысты.

«Жаңартылған мазмұн бойынша білім берудің барлық деңгейіндегі педагогтардың біліктілігін арттыру бойынша жұмыс жалғастырылатын болады. Алдағы үш жылда курспен 244 мың мектеп, колледж және жоғары оқу орындарының педагогтары қамтылады. 2020 жылдан бастап мектептерге ағылшын тілінде дайындалған 1000-ға жуық жоғары оқу орындарының түлектері келетін болады. 2020 жылдан бастап мектептерді салу мен күрделі жөндеу жүргізуді қаржыландырудың жаңа әдістемесі енгізілетін болады. Жаңа әдістемеге сәйкес қаржыландыру көлемі оқушылар контингентіне байланысты анықталады», – деді Күләш Шәмшидинова.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Маңғыстаудағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 33 928 теңгені құрайтынын атап өтті. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы — 23 749 теңге. Дәл осындай соманы АӘК алуға құқығы бар көп балалы, аз қамтамасыз етілген отбасылар ай сайын бір балаға алатын болады. Жалпы, Маңғыстау облысында АӘК-ті 14 211 адам, Жаңаөзенде 3 мың адам алады.

Сонымен қатар, министр 1 сәуірден бастап аз қамтылған отбасылардың табысын есептеудің жаңа ережелерін енгізу туралы айтты. 

«Енді бала күтімі, мүгедек бала күтімі бойынша жәрдемақы,
«Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілерін иеленушілерге берілетін жәрдемақы, стипендиялар мен басқа да мемлекеттік төлемдер табыс көзі болып саналмайды. Сондай-ақ, құжаттарды тапсыру процесі жеңілдетіледі. 1 сәуірден бастап өтініш жазу жеткілікті болады, қалған жұмысты жұмыспен қамту орталықтары мен әкімдіктер атқарады», — деді Бердібек Сапарбаев.

Сонымен қатар, мүгедек баланың күтіміне, туғанынан 1 топтағы мүгедек баланың күтіміне төленетін қаржы 41 578 тг дейін өсті. Маңғыстау облысында оны 5 396 адам, Жаңаөзенде — 1 156 адам алатын болады. 

Көп балалы отбасыларды қолдау шараларын күшейту үшін, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде бірқатар шаралар көзделген. Мысалы, көп балалы ауылдықтар үшін жаңа бизнес-идеяларға 505 мың теңге көлемінде ақысыз негізде мемлекеттік гранттар берілетін болады. Көп балалы аналарға және ауылда мүгедектігі бар адамдарға өз ісін ашу үшін 6,5 млн теңгеге дейін жеңілдікті шағын несиелер беріледі. Сондай-ақ, көп балалы аналар мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналар үшін үйде әлеуметтік жұмыс орындары ашылады және қажетті мамандықтарға қысқа мерзімді оқыту жүргізіледі. 

Кездесуде тұрғын үй мәселесі, атап айтқанда жалға берілетін тұрғын үй құрылысы туралы мәселе қозғалды. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2025 жылға дейін Қазақстан бойынша 40 мыңнан астам жалға берілетін пәтер салынады. Маңғыстауда 304 жалға берілетін пәтерлердің құрылысына қаржы бөлінді, 292 пәтерге өтінім берілді. 

Сонымен қатар, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, 2021 жылға дейін ауылдық елді мекендерді медициналық көмекпен қамтуды арттыру мақсатында 595 ПМСП нысанының құрылысы жоспарланған. 7 өңірде 10 аурухана салуға, қосымша 120 млрд теңге бөлінеді. Осылайша, Мұнайлы ауданында 150 орындық аурухана салынады.


«Бүгін Елбасының «Әлеуметтік қамсыздандыру» жаңа әлеуметтік шаралары іске асырылуда. Олар табысы төмен азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге, білім беру мен денсаулық сақтаудың сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, өңірлерді дамытуға және т.б. бағытталған», — деді Гүлшара Әбдіхалықова кездесудің соңында