Үкіметке 30 трлн теңге инвестиция қажет

инвесторлар
Фото: wall-street.ro

Алматы. 15 шілде. 7kun.kz – Үкімет жыл сайын негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемін 2025 жылға қарай орта есеппен 20%-ға ұлғайту міндетін қойып отыр, — деп мәлімдеді ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин.

«Біздің міндетіміз – негізгі капиталға салынатын инвестициялар көлемін жыл сайын орта есеппен 20% -ға арттыру және оны 2025 жылға қарай ЖІӨ-нің 30% -ына дейін жеткізу. Мақсатты көрсеткіштерге жету үшін негізгі құралдарға 5 жыл ішінде 30 триллион теңге көлемінде инвестиция тарту қажет. Бүгінгі күні 12,5 трлн теңгеден астам сомаға жобалар пулы анықталды, яғни жыл сайын 3 трлн теңгеден орта есеппен қосымша тарту керек», — деді ол 15 шілдеде ҚР Президентінің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

«2025 жылға қарай шетелдік тікелей инвестициялардың жыл сайынғы көлемі 24 миллиард доллардан 34 миллиард долларға дейін ұлғайтылуы тиіс», — деді А.Мамин.

Оның пікірінше, өңдеу өнеркәсібі, отын-энергетикалық кешен, көлік, логистика, агроөнеркәсіп кешені және туризм инвестицияларды тарту үшін үлкен әлеуетке ие.

Сондай-ақ, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктерін пайдалану жоспарланып отыр.