Келесі жылы Көлсай көлдерін ЮНЕСКО әлемдік мұраларының тізіміне қосуы мүмкін.
Бұл туралы Саты ауылында Ұлттық паркті дамыту концепциясын талқылау барысында Зоология институтының директоры, ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасының қазақстандағы ұлттық комитетінің төрағасы Роман Ященко айтты.
«Кеше біздің дипломаттарымыз Парижде «Көлсай көлдерін» ЮНЕСКО әлемдік мұраларының тізіміне қосу туралы өтініш берді. Біздің өтінішімізге бағалау жүргізіледі, менің ойымша келесі жылдың маусым айында шешім шығады», - деді ол.
ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандарының тізімдері - ЮНЕСКО тарапынан бекітілетін, адамзат үшін ерекше мәдени, тарихи немесе экологиялық маңызы бар деп танылатын табиғи немесе адам қолымен жасалған нысандардың тізімдері. Оған қазірге дейін Қазақстаннан 3 мәдени, 2 табиғи нысан кірген. Олардың қатарында Қожа Ахмет Ясауи мавзолейі, Тамғалы тас, Сарыарқа — Солтүстік Қазақстан даласы мен көлдері, Солтүстік Тянь-Шань, Жібек жолы: Тянь-Шань дәлізі бағыты бар.
Көлсай көлдері - Алматы облысы, Кеген ауданы аумағындағы 3 көлдер тізбегінен құралады. Туристер арасында кең танымал көл «Көлсай көлдері» Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркі аумағына кіреді.