Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҰКП кәсіпкерлерге Jumore алаңы арқылы Қытай нарығына шығуды ұсынды

ҰКП кәсіпкерлерге Jumore алаңы арқылы Қытай нарығына шығуды ұсынды

Алматы. 13 маусым. 7kun.kz – Қазақстанның "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық компанияларға Қытайдың Jumore электронды сауда алаңын пайдалануды ұсынды. Онда 60 мыңға жуық Қытай мемлекеттік компаниялары сауда жасайды. Бұл туралы ҰКП баспасөз қызметі хабарлады.

"ҰКП алдында 2017 жылы 100 қазақстандық компанияны Jumore алаңына шығару міндеті тұр. Қазіргі уақытта қазақстандық 15 компанияның 31 тауары Jumore-ға жарияланған. Мысалы, "Алина" бояулары, Лепсі балы, RG Brands сусындары және т.б.", - деп жазылған хабарламада.

Бұл алаңда шикізаттан бастап дайын өнімге дейін кез келген тауарды саудалауға болады.

"Атамекен" ҰКП мен Jumore келісімі бойынша, қазақстандық кәсіпкерлер электронды алаңға тегін кіре алады. Бұл шексіз Қытай алаңына шығудың керемет тәсілі", - деп атап өтті палатада.

Электронды алаңның сауда айналымы 2016 жылы 160 млрд долларды құрады. Осы жылғы айналым 800 млрд доллар болады деп болжанып отыр.

Похожие материалы