Кселл мен Tele2 ісі бойынша сот шешім шығарды

581
Кселл мен Tele2 ісі бойынша сот шешім шығарды

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 2014 жылдың 24 қыркүйегінде Әл-Фараби мен Науаи көшелерінің қиылысындағы «Кселл» АҚ баннерінің жанында орналастырылған «рекомендует Tele2» («Tele2-ні ұсынады» — 7) баннері ісі бойынша монополияға қарсы заңнаманың бұзылуы туралы іс бойынша қаулы қабылдады.

Қаулыда «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (Tele2 Қазақстан) тарапынан аталған слоганды жариялау барысында монополияға қарсы заңнаманың бұзылмағандығы көрсетілген. Яғни, «рекомендует Tele2» баннерін сот жосықсыз жарнама ретінде таныған жоқ.

Осыған дейін Шин А.Г. атты азамат және «Кселл» АҚ Tele2 Қазақстан тарапынан заңнамаға қайшы келетін жарнама тарату ісін көріп, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелістікті қорғау комитетінің департаментіне арыз-шағым түсірген болатын. Tele2 Қазақстан аталған жайттың Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзбайтынды, себебі заң бір шаруашылық субъектісінің жарнамасын өзге жарнаманың жанында орналастыруға қандай да бір шектеу қоймайтыны туралы мәлімдеме таратқан-ды.

«Біз шығармашылықпен айналысуда, өз ойыңды білдіруде әкімшілік әдіс арқылы күрес жүргізуге бомлайды деген пікірдеміз. Бәсекелестеріміздің тапқырлығы мен әзілді түсіне білуін лайықты жауап деп танимыз. Бүкіл әлемде Tele2 қызықты және шығынды көп талап етпейтін жарнамалық кампаниялар жүргізуде алдыңғы қатарлы компания ретінде мойындалған. Жарнамалық бюджетті алға тартып, күш сынасқымыз да келмейді. Біз үшін тұтынушыға арнап тиімді байланыс қызметін ұсыну маңызға ие», — деді Tele2 Қазақстан басқарма төрағасы Пиетари Кивикко.

Аталған жарнамалық слоганды жариялауға 2014 жылы MillwardBrown компаниясы жүргізген зерттеу негіз болған екен. Зерттеу бойынша Tele2 абоненттерінің 40%-ы таныстарына аталған ұялы оператор қызметін пайдалануға кеңес береді.