Күдебаев күдікті деп танылды

Фото: gov.kz

Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 370-бабы 4-бөлігі 1-тармағы «Ауыр зардаптарға алып келген қызметтегi әрекетсiздiк» бойынша тіркеліп, Серік Мырзақұлұлы Күдебаев күдікті деп танылған облыстық ПД лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі тергеу жалғасып жатқанын хабарлаймыз», — деп жауап берген Бас прокуратура өкілдері Tengrinews.kz сұрауына.

Алматы облысы Полиция департаментін басқарған генерал-майор Серік Күдебаев 18 ақпанда қызметінен босатылған еді.