Кувейт мұнайшылары ереуілге шықты

Фото: kapital.kz

Алматы. 19 сәуір. 7kun.kz —  Кувейттің мұнай және мұнай-химия өндірісі конфедерациясының мүшелерінің шамамен 40%-ы екінші күн қатарынан ереуілге шығып жатыр. Мұның себебі — мемлекеттегі мұнай өндірісінің көлемі қалыпты деңгейден 60%-ға төмен болуы. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлайды.

Кувейттегі тәулігіне өндірілетін шикізат өндірісі наурыз айымен салыстырғанда (тәулігіне 2,78 млн баррель) 1,7 млн баррелден 1,1 млн баррелге дейін төмендеген.

«Егер кувейттердің ереуілі жалғастын болса нарықта тепе-теңдік қалыптасуы мүмкін. Әзірге мемлекет ішкі сұранысты реттеп, тауар қорын жеткізу міндеттерімен айналысады», — деді Qamar Energy компаниясының басшысы Робин Миллз.

Ал Energy Aspects-тің мұнай сарапшысы Вирендер Чауханның сөзінше,  мемлекет ереуілге шығушылардың талаптарын реттеу бойынша арнайы жасақ құрғанша, наразылық шарасы 10-15 күнге дейін жалғасуы мүмкін.

CNBC мәліметіне сәйкес, Кувейт үкіметі ереуілге байланысты тәулігіне 20 млн динар шығын шегіп отыр (66,3 млн доллар). Айта кетейік, Кувейт мұнай өндірісі бойынша ОПЕК елдері арасында төртінші орынға ие.