Күзде отандық кинотеатрлардан көрсетілетін 7 үздік премьера

96
7
Фото: m.kapital.kz

Әлемдік және отандық режиссерлер дәстүр бойынша күз мезгілінде киносүйерлерді керемет туындыларымен қуантады. Көрермендер үлкен экраннан танымал фильмдердің жалғасын және көп күттірген кинолардың тұсаукесерін көре алады. Осы ретте, 7kun.kz Қазақстан кинотеатрларында көрсетілетін үздік фильмдерді назарларыңызға ұсынады.

«Оно 2»

Кинотеатрдағы күз мезгілі АҚШ-ның «қорқынышты» жанрдағы фильмнің премьерасымен басталады. 4 қыркүйекте әлемдік тұсаукесері болатын «Оно 2» Қазақстанда 5 қыркүйектен бастап көрсетіледі.

  • Режиссері: Андрес Мускетти
  • Басты рөлдерде: Финн Вулфард, Билл Скарсгард, Джессика Честейн, Джеймс МакЭвой, Билл Хейдер, Джей Райан, Айзая Мұстафа, Энди Бин.
Фото: news.yandex.by

«Оно 2» — 2017 жылғы хиттің жалғасы. Әр 27 жыл сайын зұлымдық Дерриге (Мэнге) оралады, сондықтан «Оно 2» бірінші бөлімнің оқиғаларынан кейін 30 жылға жуық уақыт өткенде жолдары екіге айырылған ересек кейіпкерлерді қайта жинайды.

Фильмнің ұзақтығы: 165 мин, 16 жасқа толған балалардан бастап көруге рұқсат беріледі.

Томирис

Қырқүйекте премьерасы өтетін тағы бір фильм — отандық киноиндустрияның туындысы. Қазақстандық көрермендерді көп күттірген тарихи «Томирис» фильмі кинотеатрлардан 27 қыркүйектен бастап көрсетіледі.

Түсірілім тобы фильм бойынша жұмысты 2017 жылдан бастап қолға алды, 2018 жылдың күзінде аяқтады. Алғашқыда премьерасы 2019 жылдың көктеміне белгіленіп, кейін кері шегерілген туындының негізгі сюжеті ежелгі сақ патшайымы Томиристің өмірбаянына арналады.

Фото: cinema24h.tv
  • Режиссері: Ақан Сатаев
  • Басты рөлдерде: Алмира Тұрсын, Әділ Ахметов, Еркебұлан Дайыров, Берік Айтжанов, Азамат Сатыбалды.

14 жастан бастап көруге рұқсат берілетін фильмнің ұзақтығы — 155 минут.

Джокер

АҚШ пен Канаданың ортақ туындысы 2 қазаннан үлкен экранға шығады, Қазақстанда премьера 3 қазанда болады.

Сюжеті: Оқиға Готэмде, 1980 жылдың басында басталады. Комик Артур Флэк бала кезінен бастап оған «күлімсіреп жүруді» үйреткен науқас анасымен бірге тұрады. Әлемге жақсылық пен адамдарға қуаныш сыйлауға тырысқын Артур тек қатыгездікпен бетпе-бет келеді. Сондықтан Артур әлем оның мейірімді емес, Джокердің зұлым күлкісіне лайық деген қорытындыға келеді.

Фото: kino.prim.land
  • Режиссері: Тодд Филлипс
  • Басты рөлдерде: Роберт Де Ниро, Хоакин Феникс, Зази Битц, Брайан Тайри Генри, Шей Уигэм, Изабелла Феррейра, Фрэнсис Конрой, Брайан Коллен, Марк Мэрон, Бретт Каллен

Фильмнің ұзақтығы — 122 минут, 16 жастан көруге болады.

«Малефисента: Владычица тьмы»

Фэнтези жанрындағы америкалық киноның алғашқы бөлімі 2014 жылы жарыққа шықты. Дисней ұсынған тың туынды Малефисента есімді перінің оқиғалары желісімен түсірілген. Фильмнің бірінші бөлімін тамашалағандар оның сюжетімен таныс. Кек алу мақсатында өзі сиқырлаған Аврораға уақыт өте перінің аналық махаббаты пайда болады. Қарғыстың күшін жою да тек Малефисентаның қолынан келеді. Фильмнің жаңа бөлімінде Аврора мен Малефисентаның арасындағы түсініспеушілік, сиқырлы орманды қорғау ісіндегі жаңа одақтастар мен қарсыластар және онда өмір сүретін сиқырлы тіршілік иелері көрсетіледі.

Фото: voirgratuit.com

«Малефисента: Владычица тьмы» премьерасы әлем кинотеатрларында 16 қазанда, ал елімізде 17 қазанда өтеді. 12 жасқа толған балаларды алып баруға болады.

  • Режиссері: Хоаким Роннинг
  • Басты рөлдерде: Анджелина Джоли, Эль Фаннинг, Мишель Пфайффер, Джуно Темпл, Эд Скрейн, Харрис Дикинсон.

«Терминатор: Темные судьбы»

Фильм — атақты «Терминатор» франшизасының алтыншы бөлімі. Әлемдік премьерасы 23 қазанда, ал Қазақстан кинотеатрларында 31 қазанда болады.

Жаңа туынды «Терминатор» және «Терминатор 2: Судный день» картиналарымен байланыстырылған. Франшизаның қалған бөлімдері мен «Терминатор: Хроники Сары Коннор» телесериалына қатысы жоқ.

Фото: qled.com.ua

Картина «Терминатор 2: Содный день» фильмінің сюжеттік желісін жалғастырады: жаңа оқиғалар араға 27 жыл салып, яғни 2022 жылы орын алады. Фильмде жаңа жасанды интеллект желісі — «Легион» жұмыс істейді, ол болашақтан сұйық металлдан жасалған Терминатордың жаңа үлгісін жібереді. Бұл үлгінің ерекшелігі — толық екі әскери топқа бөліну қабілетінде. «Жаңа» Терминатордың көздегені — бұрынғы фильмдерде болмаған кейіпкер — Даниэле «Дани» Рамос есімді қыз. Даниді қорғау үшін болашақтан Грейс есімді әйел жіберіледі. Кейіннен оларға Сара Коннор және «бұрынғы» Терминатор T-800 қосылады.

  • Режиссері: Тим Миллер
  • Басты рөлдерде: Арнольд Шварценеггер, Маккензи Дэвис, Линда Хэмилтон, Том Хоппер, Бретт Азар, Диего Бонета, Наталия Рейес, Гэбриел Луна.

«Терминатор: Темные судьбы» — 16 жасқа толған көрермендерге арналған.

Әкім

Қазақстанның кино қоржынына қосылатын жаңа комедиялық «Әкім» картинасының премьерасы 7 қазанда өтеді. Басты кейіпкер — Азамат.

Сюжеті: Азамат қаланың жайлы өміріне дағдыланған «мажор» жігіт. Ол күтпеген жағдайларға байланысты шалғайдағы Таза Бұлақ кентіне әкім болып жұмыс істеуге жіберіледі. Әрине, бұл жігітке ұнай қоймайды. Ауылдағы алғашқы күнінен бастап жаңа әкім қалаға оралуды армандайды. Ұялы байланыстың болмауы, көшедегі дәретхана мен душ, мемлекеттік тілді білмеуі, электр қуатының үнемі сөнуі оның өмірін қиындатады. Жас әкімнің «үлкен байланыстары бар» әкесі мәселені шешуге уәде береді, бірақ оған дейін Азаматқа «жақсы әкім рөлін ойнауға» тура келеді. Азамат келіседі.

Фото: kino.kz
  • Режиссері: Нұртас Адамбай
  • Басты рөлдерде: Нұртас Адамбай, Гүлназ Жоланова, Қайрат Әділкерей, Дархан Дайырбек, Нәділ Нұрахметов.

«Әкім» фильмінің ұзақтығы 106 минутқа созылады. Жас шектеуі — 12 жастан бастап.

«Ford против Ferrari»

АҚШ-тың кезекті көркем фильмі, биографиялық драма жанрында түсірілген. Картина американдық жазушы және журналист Э. Дж. Бэйманың «Go Like Hell: Ford,Ferrari, and Their Battle for Speed and Glory at Le Mans» («Форд, Феррари және олардың Ле-Манадағы жылдамдығы мен даңқы үшін шайқасы») кітабына негізделген. Фильмнің тұсаукесері 13 қарашада болады. Еліміздің тұрғындары 14 қарашадан бастап тамашалай алады.

Кинокартина Форд пен Феррари командаларының 1966 жылғы Ле Ман 24 сағаттық жарысында жеңіске жету жолындағы күресінің шынайы тарихын баяндайды.

Фото: everydaykoala.com
  • Режиссері: Джеймс Мэнголд
  • Басты рөлдерде: Кристиан Бейл, Мэтт Дэймон, Джон Бернтал, Каитриона Бэлфи, Рэй МакКиннон, Джош Лукас, Ноа Джуп, Йен Хардинг, Трэйси Леттс, Уоллес Лэнгэм.

Фильмді 16 жасқа толған көрермендер көре алады.