Бүгінгі күні танымалдылыққа ие әрі ерекше аспаздық тағамдарды ұсынатын мейрамханаларда тамақтану сәнге айналғандығы белгілі. Бұл сізге қызықты уақыт пен рақаттану мүмкіншілігін сыйлағанымен, қалтаңызды біраз тоздыратыны анық. 7kun.kz сіздердің назарларыңызға әлемдегі ең қымбат мейрамханалар тізімін ұсынады.

№10 Швейцария Альпісінде орналасқан «Schloss Schauenstein» мейрамханасы

Фото: fresher.ru

Мейрамхана 2003 жылдан бастап жұмыс істейді. Елді мекеннің тарихы мен дәстүрін паш ететін ХІІ ғасырда соғылған қамалдың ішінде орналасқан. Ауқымы бар-жоғы 20-25 адамға арналғандықтан, орындар бірнеше ай бұрын брондалады. Мишленнің үш жұлдызына ие.  Бір тамақтанудың орташа бағасы – 270 доллар (91 мың теңге).

№9 «Michel Bras Toya» Жапонияның Хоккайдо аралында орналасқан мейрамхана

Фото: asp.hotel-story.ne.jp

Келушілерге Тоя вулканды көлінің таңғажайып көрінісі ашылады. Мишленнің екі жұлдызын алған мейрамхана жапондық және француздық ас үйдің сұранысқа ие тағамдары ұсынылады. Тамақтанудың орташа құны – 290 доллар (98 мың теңге).

№8 «AlainDucasse» Ұлыбританияның Лондон қаласында The Dorchester қонақ үйінде қызмет көрсететін мейрамхана

Фото: ic.pics.livejournal.com

Мейрамхана қонақтары дегустациялық, маусымдық және вегетариандық мәзір түрлерін ұсынады. Дегенмен, негізгі тағамдары су кірпісінен, шаяннан және палтус балығынан дайындалады. Стандартты мәзірге шамамен 200 доллар (62 мың теңге) төлесеңіз, кешкі асқа 350 доллар (110 мың шамасында) қаражатыңызды жұмсайсыз.

№7 Швейцария қаласында орналасқан  «l’Hotel de Ville Crissier» мейрамханасы

Фото: michelinfood.ru

Отбасылық бизнеспен ашылған француздық мейрамхана. Мишленнің үш жұлдызын иемденген. Негізгі ерекшелігі маусым сайын мәзірдің ауысып тұруы. Соның арқасында халықтың мейрамханаға деген қызығушылығы басылмайды. Тамақтануға шамамен 350 доллар (110 мың теңге) қаражатыңызды жұмсайсыз.

№6  Мальдив аралында орналасқан «Ithaa Undersea» мейрамханасы

Фото: conradhotels3.hilton.com

Әйгілі су асты мейрамханасы 5 метрлік тереңдікте орналасқан. 14 адамға арналған 7 үстелі ғана бар мейрамхана қонақтарына су асты әлемін жақыннан тамашалауға мүмкіндік береді. Кірудің бағасы – 130 доллар (40 мың теңге), ал 2 адамға арналған астың орташа құны 700 доллар (220 мың теңге) шамасын құрайды.

№5  Жапонияның Токио қаласында орналасқан «Aragawa» мейрамханасы  

Фото: media-cdn.tripadvisor.com

2006 жылы Forbes «Aragawa»-ны әлемдегі ең қымбат мейрамхана деп бағалаған. Іскерлік жұмыспен айналысатын ғимараттың жертөлесінде орналасқан мейрамханаға бар-жоғы 22 адам ғана кіре алады. Қонақтарының пікірінше, әлемдегі ең дәмді мәрмәр сиыр етінің дәмін тату үшін «Aragawa» мейрамханасына міндетті түрде келу керек. Сусынды қоспағандағы тамақтанудың орташа құны – 400 доллар (125 мың теңге).

№4  Францияның Маленсия қаласында орналасқан «Maison Pic» мейрамханасы

Фото: maison-blanche.fr

«Maison Piс» 1889 жылдан бастап жұмыс істейді. Пик отбасына тиесілі және атадан балаға мұра ретінде қалып отырған мейрамхана. 1930 жылдың өзінде-ақ Мишленнің жұлдызына ие болған. Мәзірді жиі өзгертіп, француздық асүйдің тағамдарын жаңа қырынан ұсынуды дәстүрге айналдырған. Тамақтанудың орташа бағасы 450-500 доллар (145-155 мың теңге) шамасын құрайды.

№3 Нью-Йорк қаласында орналасқан «Masa» мейрамханасы

Фото: s-media-cache-ak0.pinimg.com

Бір адамның түскі асына шамамен 500 доллар (155 мың теңге) жұмсалады. Қарапайым әрі дәмді тамақтарының көпшілігі су асты жануарларынан және балық өнімдерінен даярланады. Қонақтарына  берілетін тағамның өнімдері тікелей Жапониядан әкелінеді.

№2  Францияның астанасы Париж қаласында орналасқан «Restaurant Le Meurice» мейрамханасы

Фото: c.pics.livejournal.com

Мишленнің үш жұлдызын иемденген аталмыш мейрамхананы Париждің жергілікті халқы да, туристері де елдегі ең беделді тамақтанатын орын ретінде мойындайды. Мейрамхананың интерьері де келген қонақтарға ұмытылмас сезім сыйлап, классикалық ортаны сезінуге мүмкіндік береді. Тамақтанудың орташа құны — 550 доллар (170 мың теңге).

№1 «Kitcho» мейрамханасы Жапонияның Киото қаласында орналасқан

Фото: granviakyoto.com

Аталмыш мейрамхана тізімде бірінші орынға табан тіреді. Себебі, бұл мейрамханада тамақтанудың орташа құны ­– 640 доллар (200 мың теңге). Отбасылық бизнеспен ашылғандықтан, бүгінде аспаздық династиясымен мақтанады. Тағамдарына елді мекеннің дәстүрін көрсететіндей арнайы даярлау тәсілдерін қолданады.

Дереккөз: http://sergeydolya.livejournal.com