​Әлемдегі ең бақытты елдер анықталды

елдер
Фото: annurtv.com

Алматы. 17 мамыр. 7kun.kz – Біріккен ұлттар ұйымы жыл сайынғы әлемдегі ең бақытты елдер рейтингін жасады. Онда мемлекеттің әлеуметтік қолдауы, қауіпсіздік деңгейі, өмір сүру ұзақтығы және ертеңгі күнге деген сенімділік сияқты факторлар ескеріледі.

1 – Филяндия

Финляндия – соңғы екі жылдағы рейтинг көшбасшысы және әлемдегі ең бақытты ел. Бақытты адамдармен кездесуден басқа, онда фин асханасын тамашалап, Санта Клаус ауылы мен тау шаңғысы курорттарын көруге, Хельсинкидегі мұражайларды зерделеуге және Савонлинндегі шоколад кәмпиттерінен дәм татуға болады.

2 – Дания

Бұл жолы күміс медальды қоржынға Дания мемлекеті салып отыр. Русалка мен басқада ертегілердің тарихи отаны бұл күнде 600-ге жуық тарихи қабалдарды аман сақтап қалған екен.

3 – Норвегия

Норвегтер басым бөлгі тарихтың фанаттары болып табылады. Бұл жаққа саяхаттаған адамдар скандинав фальклорының болмысын сезініп, бұғының етін жеп бақытқа кенеледі екен. Сондықтан осы ел 3-ші орынға жайғасқан.

4 – Исландия

Төртінші орынға орынға Исландия елі жайғасқан. Атауы аяз шақырып тұрса да табиғаты тамылжып, ұлттық әрі табиғи парктері бой түзеген бұл елдің тұрғындары өздерін ертегіде жүргендей сезінеді екен.

5 – Нидерландия

Аталмыш тізім бойынша биылғы жылда бесінші орынға Нидерландия мемлекеті кірген. Оның ішінде мамандарыдың пайымынша Амстердам қаласының ең бақытты қала екендігін баса нақтылап көрсеткен.