Әлемдегі ең таза әуе компаниясы аталды

таза
Фото: sawadee.today

Алматы. 20 маусым. 7kun.kz – «Skytrax» авиациялық сервисті бағалаудың халықаралық ұйымы тайвандық EVA Air-ді әлемдегі ең таза әуекомпания деп атады.

EVA Air бірінші орынға ие болды, екінші орынды Japan Airlines, ал үшінші орынды ANA All Nippon Airways алды. Сингапур әуекомпаниясы рейтингтің төртінші қатарында, ал бесінші орында — Asiana Airlines.

Сонымен қатар, ең таза әуе компанияларының рейтингісіне қытайлық Hainan Airlines, швейцариялық Swiss International әуекомпаниясы, гонконгтық Cathay Pacific, Катардың ұлттық тасымалдаушысы Qatar Airways және Lufthansa неміс әуе желілері кірді.