Әлемдегі пара көлемі 2 трлн долларға жетті

382
пара
фото: yandex.kz

Вашингтон. 19 қыркүйек. 7kun.kz – Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) басшысы Кристин Лагард Вашингтонда өткен конференцияда сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуге уәде берді. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.

Басты мәселемен күресудің жаңа қадамдарымен қоса әлемдегі пара көлемін жариялады. 

Кристин Лагардтың айтуынша бүкіл әлемде жыл сайынғы пара көлемі 1,5-2 трлн долларға жетеді. Бұл шамамен әлемдік ЖІӨ-нің 2 пайызын құрайды.

«Қазіргі уақытта парақорлық белең алып жатқан мемлекеттерге онымен күрес жүргізуге ХВҚ көмектеседі. Ірі көлемде пара алып, қоғамға зиянын тигізген халықаралық жеке ойыншыларға да назар аударамыз», — деді ХВҚ басшысы.

«Сыбайлас жемқорлықпен күресте жақсы нәтижеге жету үшін оның нағыз пайда болу жолдарын анықтап, әр түрлі шешімдерін қарастыру керек»,- делінген хабарламада.

Мейірім Бақытжанова