Әлемдегі тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 27%-ға төмендеді

ауыл
Фото: express-k.kz

Алматы. 3 мамыр. 7kun.kz — Тікелей шетелдік инвестициялардың жаһандық ағындары (ТШИ, FDI) 2018 жылы 27%-ға төмендеді — 1,097 трлн долларға дейін. Оны Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) алдын ала деректері куәландырады.

Бұл әлемдік ЖІӨ-нің 1,3%-ын құрайды және 1999 жылдан бастап ең аз көлем болып тіркелді.

Төмендеу негізінен АҚШ-тағы салықтық реформаларға байланысты. Соның нәтижесінде Американың басты компаниялары шетелдегі еншілес компанияларынан ақша қаражатының едәуір көлемін репатриациялады, деп атап өтілген ұйымның баяндамасында.

Осылайша, өткен жылы FDI теріс динамикасы 2017 жылы көрсеткіш 16%-ға төмендегеннен кейін сақталды.

ЭЫДҰ елдеріне инвестициялар ағыны 2018 жылдың қорытындысы бойынша 23%-ға (625 млрд долларға дейін), негізінен Ирландия мен Швейцария есебінен төмендеді. Сонымен қатар, көрсеткіштің артуы Испания, Бельгия, Австралия, Нидерланды және Канадада байқалды. Еуропалық Одақта FDI 20%-ға төмендеді.

Сондай-ақ, G20 мемлекеттеріне қаражат түсімі 2%-ға төмендеді. Бұл ретте ЭЫДҰ-на кірмейтін «жиырмалық» елдеріндегі көрсеткіш негізінен Қытай мен Үндістанның арқасында 8%-ға көтерілді. Ресей мен Бразилияға инвестициялар азайды. 2018 жылы ТШИ негізгі көздері Жапония (143 млрд доллар), Қытай (96 млрд доллар) және Франция (93 млрд долар) болды.

Ал өткен жылы негізгі инвестиция алушылар АҚШ (270 млрд доллар), Қытай (203 млрд доллар), Нидерланды (70 млрд доллар), Ұлыбритания (64 млрд доллар), Бразилия (61 млрд доллар) болды.