Әлемдегі үздік трейдерлер теңіздегі мұнайдың сақтау көлемін баға өседі деген үмітпен көбейтті

526
Әлемдегі үздік трейдерлер теңіздегі мұнайдың сақтау көлемін баға өседі деген үмітпен көбейтті

Vitol SA, Gunvor SA, Trafigura Beheer ИМ және Koch Supply & Trading Co. Ltd секілді мұнай трейдерлері танкерлердің қорын қалқымалы мұнай қоймасы ретінде көлемін ұлғайтты, оған себеп мұнай бағасының тұрақталып кететіндігіне деген сенім деп жазады The Wall Street Journal.

Сингапур жағасындағы мұнайды сақтау үшін Vitol 3 млн баррельге есептелген TI Oceania (әлемдегі ірі танкерлердің бірі) атты супертанкерді қолданады. Ал, жалпы есепте трейдерлер соңғы апталарда 30 млн баррельден асатын танкерлерді сақтауға кемелер жалдап қойған.        Соңғы рет осыған ұқсас жағдай 2009 жылдың көктемінде байқалған болатын, ол кезде танкерлерде 70 млн баррельдей мұнай сақталған болатын.

«Бұл ақша табудың қарапайым әрі қызықты тәсілдерінің бірі деп есептейді трейдерлер. Себебі ол Vitol, Glencore и Trafigura сияқты алпауыт компаниялардың табыс көзі болып», — деп атап өтті Хьюстон Университетінің профессоры Крейг Пирронг.

Бүгінде наурыз бен тамыз айларында жасалған Brent мұнайына жасалған келісімдегі алшақтық баррель үшін $6, бұл дегеніміз мұнай нарығының 2009-2009 жылдардағы күрт төмендеуімен салыстырғанда максимум болып табылады.

Одан бөлек, сауда үйлері мен мұнай мен газ импорттаушы елдер құрлықтағы қоймаларды жылдам толтыруда. Citigroup Inc. мәліметі бойынша, Қытайдың жағалаудағы мұнай қоймаларында  тіпті орын жоқ. Кушингтегі, Оклахома штатындағы терминалдағы қорлар желтоқсаннан бастап 20%-дан өсті деп хабаралайды Genspace Inc.