Әлемдік экономикаға 2019 жылы төнетін негізгі қатерлер

74
Фото: aktiv.com.ua

Алматы. 17 қаңтар. 7kun.kz – 2019 жылы әлемдік экономиканың дамуына басты қатер ретінде сауда бәсекесі мен халықаралық геосаяси шиеленіс болады деп аталды. Швейцарияның Давос қаласында өтетін Бүкіләлемдік экономикалық форумның (БЭФ) сарапшылары осындай баяндама жасамақ деп хабарлайды Лента.Ру. 

Форумға қатысатын ғалымдардың, экономистердің және билік өкілдерінің айтуынша, халықаралық сауда өзара тиімді пайда алу құралынан «стратегиялық бәсеке сайманына» айналып бара жатыр. Сондай-ақ әлемдік экономикаға кибершабуылдар мен климаттың өзгеруі де қауіп төндіріп отыр. Сарапшылардың айтуынша жаһандық өсім қазір шарықтау шегіне жетті және біртіндеп төмендей бастауы мүмкін.

БЭФ Давоста 2019 жылы 22-25 қаңтар аралығында өтеді. Оған түрлі елдердің бизнесмендері мен шенеуніктері қатысады.