Әлемдік футбол нарығы 6,37 млрд долларға өсті

футбол
Фото: Челси

Алматы. 31 қаңтар. 7kun.kz – 2017 жылы халықаралық футбол нарығының көлемі 6,37 млрд долларды құрады. Бұл бір жыл ішінде 32,7 пайызға артты, деп мәлімдеді RNS агенттігі.

ФИФА мәліметтері бойынша, бір жыл ішінде трансферлер саны 6,8 пайызға артып, 15 642 келісім жасалды.

Жасалған келісімдердің үштен екі бөлігі (67,4 пайыз)13 футбол лигасының 50 клубына тиесілі болды.

ФИФА футбол нарығы ең жылдам дамып келе жатқан елдер қатарына Чехия, Венгрия және Жапонияны жатқызды.

2018 жыл рекордтық келісімнен басталды. 30 қаңтарда «Манчестер Сити» испандық «Атлетикадан» Эмерик Ляпортаны сатып алғаны туралы хабарлама келді. Қорғаушымен жасалған келісім 6 жылға есептелген. Ағылшын командасы трансфер үшін 70 млн еуро төлейді, деп хабарлайды Росбалт. 23 жастағы Ляпортаның орнына «Атлетика» құрамында 26 жастағы «Реал Сосьедад» футболшысы Ииньюго Мартинес ойнайды. Онымен келісім 2023 жылға дейін жалғасады. Өтемақы түрінде клуб 80 млн еуро төлейді. Ал, Мартинестің өзі ауысқаны арқасында тағы 32 млн еуро еншіледі. Бұл Испания чемпионатының тарихындағы ең қымбат трансфер болып есептелді.