Әлемдік мұнай бағасы күрт төмендеді

мұнай
Фото: Inozpress

Алматы. 18 қазан. 7kun.kz — Brent маркалы мұнай бағасы арзандап, баррелі $80 бағаланды.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, АҚШ үкіметі энергетика департаментінің елдегі шикі мұнай қорының 6,5 млн баррельге өсуі туралы есебі жарияланғаннан кейін мұнайдың әлемдік бағасы күрт төмендеді. Сонымен қатар, елдегі мұнай өндіру көлемі Мексика шығанағындағы платформалар жұмысының тоқтауына байланысты тәулігіне 300 мың баррельге төмендеді.