Lenovo 3200 қызметкерін қысқартады

486

Қытайлық злектронды техника өндіруші Lenovo компаниясы 10 пайыз штатын қысқартады. Бұған себеп, Motorola смартфондарының сатылымының төмендеуі деп жазады Reuters агенттігі.

Штатты оңтайландырып, қызметкерлерін қысқарту компанияға 600 млн. долларға түспек.

Айта кетейік, Motorola компаниясын, Lenovo Google корпорациясынан 2014-жылы 2,91 млрд. долларға сатып алған болатын. Биылғы жылдың екінші тоқсанында 5,9 млн Motorola смартфоны сатылған. Бұл өткен жылға қарағанда 31 пайызға аз. Сатылымның төмендеуі Қытай мен Бразилия нарығында аса қатты байқалған. Оның үстіне, тоқсандық есеп жарияланғаннан кейін Lenovo акциялары 9 пайызға төмендеді.