Литвалық компания «ақылды» туфлилерді сатылымға шығармақ

639
Литвалық компания

Вильнюстік Ishuu Technologies компаниясы Indiegogo краудфандингтік алаңы арқылы «ақылды» туфлилер шығару үшін қаржы жинамақшы. Ол туфлилердің үсті электронды сия технологиясы бойынша жасалған (e-ink).Туфлидің құны 150 доллардан бастап, 500 доларға дейін болады.

Электронды сиядан жасалған беткі қабаты аяқ-киім иесінің көңіл-күйіне байланысты өзгертуіне мүмкіндік береді. Кез келген ақ-қара түсті өрнектерді салуға болады. Смартфонға қосылу үшін туфли Bluetooth радиобайланысын қолданады. Сәйкесінше, электронды салма табанында орналасқан.

Ishuu компаниясы әйелдерге арналған Volvorii Timeless туфлилерін 500 долларға сатуды жоспарлап отыр. Бірақ, Indiegogo-мен алдын-ала тапсырыс беру арқылы 150 долларға сатып алуға болады. Indiegogo сайтының мәлімдеуінше, литвалық компания 25 күнде 50 мың доллар жинауды көздеп отыр. Әзірге жиналған сома — 770 доллар ғана.

Сайтта литвалық компанияның жас дизайнерлерге арналған Louis Vuitton Prize байқауына тігілген 300 мың еуроны ұтып алмақшы. Жеңіске жету үшін компания түптұлғасын шығарып та қойды. Енді Indiegogo көмегімен ақылды аяқ-киімдердің өндірісі мен саудасын жақсартпақшы.

Электронды сия технологиясын негізінде, электронды кітаптар үшін ойлап тапқан. Бірақ, бүгінде оны смартфон мен сағаттарда қолдана береді. e-ink ақ-қара экранының басты ерекшелігі — қуат көзін аз жейді. Экрандағы сурет өзгерген кезде ғана электр қуатына қажеттілік туындайды. e-ink технологиясы Phosphor Watches қол сағаты мен Yota Phone ресейлік смартфонында қолданылады.