Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерді бақылауды күшейтеді

Ұлттық банк
Фото: khabar.kz

Алматы. 13 шілде. 7kun.kz — ҚР Ұлттық банкі акционерлер құрылымының ашықтығын арттыруды, қаржы қызметі саласындағы бағалаушылар мен аудиторлардың жауапкершілігін күшейтуді жоспарлап отыр. Бұл туралы inform.kz хабарлады.

ҚР Ұлттық банкі соңғы уақытта қаржы саласында несиелеу бойынша теріс қалыптасқан ахуалдарға және екінші деңгейлі банктерге (ЕДБ) мемлекет тарапынан жасалып жатқан көмекке байланысты бақылауды күшейту қажеттігін қолға алады.

«Екінші деңгейлі банктердің қызметін бақылаудағы негізгі кемшілік Ұлттық банк тарапынан қандай да реттеу шарасын қолдануға мүмкіндіктің жоқтығы. Тәжірибе бойынша, ресми нормативтерді сақтауда, заң талаптарын орындауда екінші деңгейлі банктерде негативті процестер болып, күдікті операциялар жүзеге асып жатады. Ұлттық банк заң бойынша ЕДБ-дің ішкі қызметіне араласа алмайды. Біз мұндай үдеріс ескірді деп ойлаймыз. Сондықтан, біз қазіргі формальді бақылаудан дамыған елдердегі тәуекелге бағытталған бақылау түріне көшуді ұсынбақпыз» — деді ҚР Ұлттық банкінің банктерді бақылау департаментінің директоры Олжас Қизатов.