Ұлттық банк соңғы бес айда интервенция жүргізбеген

Алматы. 10 ақпан. 7kun.kz — «Қазақстанның валюта нарығында тұрақтылық орнады. Ұлттық банк бес айдан бері интервенция жүргізбеген. Ал теңге 2016 жылдың басынан бері ең жоғары шамаға дейін нығайды». Finprom.kz сараптама агенттігі осылай деп мәлімдеді.

«Қазақстанның валюта нарығы Ұлттық банктің теңге курсына араласуынсыз жұмыс істеуге үйренді. 2016 жылы теңгенің айырбас курсында күрт өзгерістер болған жоқ (жыл басындағы біршама құбылмалы болғанын есептемегенде), девальвациялық қауіптер де маңызын жойды», — деп хабарлады агенттік сарапшылары.

Мамандар Ұлттық банк теңгені еркін айналымға сатылы түрде көшіріп жатқанын, соңғы 5 айда валюта нарығында теңгені нығайту я әлсіретуге бағытталған ешқандай интервенция жүргізілмегенін айтады.

 «Дегенмен, долларға қатысты теңге курсы орталық банктің араласуынсыз-ақ нығайып жатыр. АҚШ валютасының құны 2016 жылдың қарашасындағы 340 теңге шамасынан қазіргі 326,5 теңгеге дейін түсті. Қазір USD/KZT курсы 2016 жылдың басынан бергі ең минамалды деңгейді тұр», — деп хабарлады агенттік.