Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк төрағасы Delta Bank-тің лицензиясын алып қоюға қатысты пікір білдірді

Ұлттық банк төрағасы Delta Bank-тің лицензиясын алып қоюға қатысты пікір білдірді
Алматы. 7 қараша. 7kun.kz - Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Үкімет отырысы аяқталғаннан кейін журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, «Delta Bank-ті» лицензиясынан айыруға байланысты жағдайды түсіндіріп берді деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.  «Өздеріңіз білетіндей, «Delta Bank-ті» лицензиясынан айыру туралы шешім қабылданды. Бұған мынадай факторлар негіз болды. Бірінші кезекте, кредиттік тәуекелдерді басқару жөніндегі ішкі рәсімдердің кемшіліктері, олар қаржылық жай-күйі орнықсыз қарыз алушыларды кредиттеуге, сондай-ақ сапалы кепілмен қамтамасыз етілмеген қарыздар беруге мүмкіндік берді, кредиттер бойынша мерзімі өткен берешектің айтарлықтай өсуіне алып келді. Мәселен, 2017 жылғы 1 қазанда мерзімі өткен берешегі бар қарыздар Банктің несие портфелінің 99,7%-ын (314,8 млрд. теңгені) құрады. Екіншіден, лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдау сәтінде Банктің корреспонденттік шоттарындағы және кассасындағы ақша қалдығы 215,1 млн. теңгені құрады. Сонымен қатар, депозиторлар мен кредиторлар алдындағы мерзімі өткен міндеттемелер сомасы шамамен 79,8 млрд. теңгені құрады, - деді Д. Ақышев. Данияр Ақышев банк қызметін қадағалау аясында ұзақ кезең бойы «Delta Bank» АҚ-тың менеджменті мен оның  акционерлері арасында Ұлттық банктің ашық диалог жүргізгенін мәлімдеді. Сондай-ақ төрағаның айтуынша, банктің активтері мен міндеттемелерінің банк секторының жиынтық активтері мен міндеттемелеріндегі үлесінің төмен (1%) болуына байланысты Банкті лицензиядан айыру басқа қаржы ұйымдарын тәуекелдерге ұшыратпайды. 2017 жылғы 2 қарашадан бастап уақытша әкімшілік тағайындалды, оған  Банктің барлық басқару органдарының өкілеттіктері өтті. Уақытша әкімшілік сот тарату комиссиясын тағайындағанға дейін жұмыс істейтін болады. Қорытындылай келе ол, Банк жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатынын атап өтті. Теңгемен және шетел валютасымен депозиттер, төлем карточкаларындағы және банк шоттарындағы ақша Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының кепілдігімен қорғалған. Бұған дейін Ұлттық банк Delta bank-тің жұмысымен сотпен мәжбүрлі түрде тоқтататынын мәлімдеген еді.

Похожие материалы