Ұлттық банк тағы да доллар курсын төмендетуге тырысты

569

Қазақстанның Ұлттық банкі өткен аптада валюта нарығын қалпына келтіру үшін бастаған валюта интервециясын жалғастырды.

«2015 жылдың 21 қыркүйегінде Ұлттық Банк Қазақстандық қор биржасында 213,1 млн доллар көлеміндегі валюта интервенциясын жалғастырды», — делінген Ұлттық банктың ресми хабарламасында.

 Еске салайық, 16 қыркүйекте Ұлттық банк «валюта нарығындағы қатысушылардың айла-шарғы операцияларынан теңгенің айырбастау курсының құбылуына байланысты»  144 млн доллар көлемінде валюталық интервеция жүргінзгендігін хабарлаған еді. Кейінірек 17 қыркүйекте тағы да 270,4 млн долларды саудаға шығарды. Нәтижесінде еркін айналымға жіберілгеннен бері рекорд орнатып, 300 теңгеге дейін көтерілген америкалық валюта бағамы 270 теңгеге дейін төмендеді.