Ұлттық банк «Ыбырай Алтынсарин» ескерткіш монетасын айналысқа шығарады

Ыбырай Алтынсарин
Фото: vlast.kz

Алматы. 24 қазан. 7kun.kz — ҚР Ұлттық банкі 2017 жылғы 25 қазанда «Қазақстанның бейнелеу өнері» монеталар сериясынан номиналы 500 теңгелік, «рroоf» сапалы «Ыбырай Алтынсарин» ескерткіш күміс монеталарын айналысқа шығарады.

Монетаның дизайнында ағартушы, ұстаз, жазушы, этнограф, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсаринге арналған, суретші-монументалист Ю.Функоринеоның қатысуымен мүсінші – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, суретші-монументалист  В.Твердохлебовтың басшылығымен орындалған мозаикалық панноның бейнеленуі пайдаланылған.

Ескерткіш монеталарды «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған.

Монеталардың дизайны Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі №1193 Жарлығымен бекітілген теңгесі – ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленген.

Дереккөзі: ҚР Ұлттық банкі