Ұлттық экономика министрлігі бизнестегі әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға қолдау білдіреді

573
Ұлттық экономика министрлігі бизнестегі әйелдер кәсіпкерлігін дамыт

Бизнестегі әйелдердің белсенділігі арттыру үшін 40 миллион доллар бөлінеді. Бұл туралы Еуропалық қайта құру және даму банкінің шағын бизнесті қолдау әрекетіне арналған «Кедергілерді жою: кәсіпкерлік таланттарға жол» атты конференция кезінде Ұлттық экономика министрлігіндегі кәсіпкерлікті дамыту Департаментінің директоры Ғалия Жолдыбаева мәлімдеді.

Оның хабарлауынша, Еуропалық қайта құру және даму банкі мен экономика министрлігінің арасында екі түрлі бағыттағы бағдарламаларды іске асыру жөнінде келісім-шартқа қол қойылуы тиісті. Оның біріншісі — 5 жылға созылуы тиісті шағын және орта бизнесті дамыту жобасы. Екіншісі бизнестегі кәсіпкер-әйелдердің белсенділігі арттыру бағытында 3 жылға дейін іске асырылуы қажет.

«Алдағы 5 жыл аясында ЕҚҚДБ-мен біріге отырып, 85 кәсіпорынға қаржылай көмек беруді жоспарлап отырмыз. Ал бизнестегі кәсіпкер-әйелдердің белсенділігін арттыруға арналған жобаға 40 млн доллар бөлініп, 750 кәсіпкер-әйелге көмек көрсетілмек», — деді ол.

Сондай-ақ, осыған дейін ЕҚҚДБ-мен біріге отырып, жүзеге асырылған кәсіпкерлерге іскерлік консалтингтік қызмет көрсету «BAS» бағдарламасы аясында 300 кәсіпорынға консультациялық көмек көрсетілгендігін атап өтті.

«Бұл бағдарламаны алғаш рет бастағанда бізде сенімсіздік те болды. Бірақ өзім аралап жүрген уақыт аралығында елдегі кәсіпкерлерге шынайы көмек берілетіндігін байқадым», — деп атап өтті Ғ.Жолдыбаева.