Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 44 кәсіпорын жабылу алдында тұр деп дабыл қақты

180
44
Фото: stolypinsky.club

Алматы. 11 қаңтар. 7kun.kz – «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясынының әрекетінен 5 мың адамды жұмыспен қамтып отырған 44 отандық компания жабылып қалуы мүмкін. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП хабарлады.

Ұлттық компания «Жасампаз» отандық тауар өндірушілер консорциумымен қорғаныс саласына қажетті өнім өндіру бойынша келісім-шарт жасасқан. Консорциумның хабарлауынша жақында шарт себепсіз тоқтатылған. Салдарынан консорциум құрамына кіретін 44 отандық компания және олармен серіктес онға жуық тауар өндіруші мекеме жабылып, 5 мыңға жуық адам жұмыссыз қалуы мүмкін.

Осы мәселеге қатысты бүгін сағат 15:00-де «Атамекен» ҰКП бас кеңсесінде арнайы баспасөз мәслихаты өтеді.