Ұлттық Банк 22 жылда ішкі нарықта қанша ақша сатты және сатып алды?

нарықта
Фото: zakon.kz

Алматы. 22 қазан. 7kun.kz – Ұлттық банк 1996 жылдан бастап валюта нарығында қандай интервенциялар жүргізілгені туралы айтты.

Қадағалау органы соңғы интервенция 2018 жылдың қыркүйегінде болғанын түсіндірді. Содан кейін Ұлттық банктің таза сатылымы 520,6 млн долларды құрады.

Бұл ретте 2017 жылы реттегіш $620,5 млн сомаға төрт рет интервенцияны жүзеге асырды.

Ал, 1996 жылы нарықта $444,6 млн сатылды.

«Деректердің тарихи қатарларын жариялау қызметтің ашықтығын және айқындылығын арттыруға бағытталған, сондай-ақ қаржы нарығының қатысушыларымен және статистикалық ақпаратты басқа тұтынушылармен коммуникацияларды жақсартуға арналған. Ұлттық Банк бұдан әрі де ақпаратты пайдаланушылардың ауқымды тобына талдамалық және зерттеу жұмысын жүргізуге қажетті статистикалық ақпаратты жариялау тізбесін және көлемдерін кеңейту практикасын жалғастырады», — деп хабарлады ведомстводан.