Алматы. 24 ақпан. 7kun.kz – Ұлттық банк базалық мөлшеремені 16,75% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Бұл шешімге Ұлттық банктің жаңартылған болжамдары, деректерді талдау, сондай-ақ инфляция тәуекелдерінің балансын бағалау негіз болды. Геосаяси жағдай мен оның салдарының белгісіздігіне, сондай-ақ азық-түліктің әлемдік бағасының жоғары болуына байланысты сыртқы проинфляциялық факторлар сақталып отыр», – делінген ҰБ хабарламасында.
Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2023 жылғы 7 сәуірде Астана қаласының уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024