Ұлттық Банк IOSCO-ның толыққанды мүшесі болды

70
банк
Фото: Liter.kz

Алматы. 28 қараша. 7kun.kz — Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялар халықаралық ұйымының (International Organization of Securities Commissions, IOSCO) толық мүшесі болды.

Ұлттық Банктің Меморандумға қосылуға өтінімі 2018 жылғы 16 қарашада мақұлданды. 27 қарашада  Консультациялар, ынтымақтастық және ақпарат алмасу мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы көпжақты меморандумына қол қойылды.

Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялар халықаралық ұйымы (International Organization of Securities Commissions, IOSCO) – бағалы қағаздар нарығын реттеудің ұлттық органдарын біріктіретін ұйым. Ұлттық Банк 1997 жылдан бері IOSCO-ның мүшесі болып табылады.

Соңғы бірнеше жыл бойы Ұлттық Банк Меморандум талаптарына сәйкес келу мақсатында заңнаманы оңтайландыру жөнінде белсенді түрде жұмыс жүргізді. Осылайша, Ұлттық Банк Меморандум шеңберінде бағалы қағаздар нарығының басқа реттеушілерімен ақпарат алмасатын 120-шы толыққанды қатысушы болды.

Айта кетейік, Ұлттық Банк – Орталық Азия елдерінің ішінде Меморандумға қол қойған бірінші реттеуші.