Ұлттық банк: Теңге өткен аптада 0,5%-ке әлсіреді

теңге
Фото: egemen.kz

Алматы. 2 сәуір. 7kun.kz – 29 наурыздағы  сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық  бағамы бір АҚШ доллары үшін бір апта ішінде 0,5%-ке әлсіреп (378,17-ден), 380,04 теңге деңгейінде қалыптасты, — деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі.

Сыртқы валюталық нарықта 2019 жылғы 22 наурыздан 29 наурыз аралығында неғұрлым маңызды оқиғалар  2018 жылғы 4 — тоқсанда  АҚШ ІЖӨ-нің өсуін түпкі бағалауды жария ету, қаңтарда АҚШ-тағы сауда тапшылығының жақсаруы,  АҚШ пен Қытай арасындағы сауда-саттық келіссөздерінің 8-ші раундын өткізу, Ұлыбританияның Еуроодақтан шығу келісімінің жобасын ел Парламентінің кезекті қабылдамауы болды. Аталған факторлар АҚШ доллары бағамының дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда нығаюына әкелді.

Дамушы елдердің валюта бағамдарының АҚШ долларына қарағанда серпіні мынадай түрде қалыптасты:

Түрік лирасы Түркия банктері шетелдік инвесторларға ұсына алатын қаржы көлемдерінің ішінара шектелуінен өтімділіктің күрт жетіспеуі аясында    53,3%-ке (5,76-дан 5,57-ге  дейін)  нығайды. Лирамен қарыз алу құны 1000%-ке дейін ұлғайды (своп-овернайт мөлшерлемесі);

Оңтүстік Африка ранды  бір АҚШ доллары үшін 14,5 деңгейге жуық саудаланды;

Үндістан рупиясы экономиканың жаһандық өсуі себебінен сентименттің жалпы нашарлауы, сондай-ақ Түркияның қаржы нарығы тұрақсыздығының әсері тәуекелінің аясында  0,3%-ке  (68,96-дан 69,16-ға дейін) әлсіреді; 

Бразилия реалы ел Үкіметіндегі, атап айтқанда Президент пен Конгресстің төменгі палатасының спикері арасында  саяси кикілжіңдер аясында зейнетақы реформасының перспективалары жөніндегі инвесторлардың қауіптенулерінің аясында 0,3%-ке (3,91-ден 3,92-ге дейін) әлсіреді;

Индонезия  рупиясы  ОБ-нің ұлттық валюта бағамын ұстап тұру үшін өктемдіктеріне қарамастан, шетелдік инвесторлар сентиментінің нашарлауы аясында   0,6%-ке (14 163-тен  14 243-ке дейін) әлсіреді;

Ресей рублі  АҚШ-тың РФ-ға қарсы жаңа санкциялар дайындауы туралы хабарлардың асында 1,7%-ке (64,65-тен 65,76-ға  дейін) әлсіреді;

Мексика песосы  егер Мексика  заңсыз көшіп келуді тоқтату бойынша шаралар қабылдамаған жағдайда, Президент Трамптың шекараны жабу және елдер арасындағы  сауда-саттықты тоқтату туралы қорқытуы туралы хабарлардың аясында 1,8%-ке (19,09-дан 19,43-ке  дейін) әлсіреді.