Ұлттық банк заң бұзған коллекторларға қатысты шара қолданды

фото: freepik.com

Алматы. 14 қаңтар. 7kun.kz – ҚР Ұлттық Банкі коллекторлық агенттіктерге қатысты 7 санкция мен шектеулі ықпал ету шарасын қолданды. Бұл шаралар 2018 жылдың төртінші тоқсанында анықталған заң бұзушылықтар бойынша қабылданды.

Ұлттық Банкке қарыз алушылардан коллекторлардың заңсыз іс-қимылдарына қатысты өтініштер түсуде. Негізгі шағымдар борышкермен Заңның 5-бабында айқындалған өзара іс-қимыл тәртібін бұзуға байланысты орын алып отыр. Анықталған бұзушылықтардың қорытындысы бойынша коллекторлық агенттіктерге қатысты 7 (жеті) санкция мен шектеулі ықпал ету шарасы, оның ішінде:

  • айыппұл салу және өндіріп алу түрінде 4 санкция («Фёрст Коллекшн» коллекторлық агеттігі» ЖШС, «Қайнар» коллекторлық агеттігі» ЖШС, «СВД» коллекторлық агеттігі» ЖШС, «Кредит Коллекшн Груп» коллекторлық агеттігі» ЖШС, «Паритет» коллекторлық агеттігі» ЖШС, «Бірінші Коллекторлық Бюро» коллекторлық агеттігі» ЖШС, «Кредит Коллекшн Груп» коллекторлық агеттігі» ЖШС);
  • жазбаша ұйғарым түрінде 3 шектеулі ықпал ету шарасы («СВД» коллекторлық агеттігі» ЖШС, «Кредит Коллекшн Груп» коллекторлық агеттігі» ЖШС, «Паритет» коллекторлық агеттігі» ЖШС, «Бірінші Коллекторлық Бюро» коллекторлық агеттігі» ЖШС) қолданылды.

Жүргізілген талдау қорытындысында коллекторлық агенттіктердің «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағының 14) тармақшасын бұзғаны анықталды.

Заңның осы тармақшасына сәйкес коллекторлық агенттік борышкермен коллекторлық агенттіктің (филиалының, өкілдігінің) орналасқан жері бойынша үй-жайларындағы аудио- немесе бейнетехника құралдарының көмегімен өзара іс-қимыл жасау барысын тіркеуге және аудио және (немесе) бейнежазба материалдарын борышкермен және (немесе) оның өкілімен өзара іс-әрекет жасаған күннен бастап алты ай ішінде сақтауға міндетті.

Сондай-ақ берешекке қатысты коллекторлық қызметті жүзеге асыру бойынша коллекторлық агенттіктің өкілеттігін растайтын ақпарат пен құжаттардың көшірмелерін борышкердің талап етуі бойынша ұсынбау, борышкердің атына берешек бойынша жалған ақпаратты жіберуі бөлігінде борышкермен өзара іс-қимыл жасау тәртібін бұзылу фактілері анықталған.

Айта кетелік, 2018 жылғы 11 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 138 коллекторлық агенттік тіркелген.