Ұлттық банктің алтын-валюта қоры 1,8%-ға қысқарды

мұнай
Фото: 24.kz

Алматы. 6 қыркүйек. 7kun.kz – 2019 жылғы шілдеде Ұлттық банктің жалпы халықаралық резервтері алдын ала деректер бойынша 1,8%-ға немесе 520,0 млн доллардан 27,7 млрд долларға дейін. Жыл басынан бері – 10,4%, немесе 3,2 млрд долларға төмендеді.

Жалпы алғанда, елдің халықаралық резервтері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (59,9 млрд АҚШ доллары) қоса алғанда, 2019 жылғы шілденің соңында 87,6 млрд АҚШ доллары болды.

Шілдеде теңгенің айырбастау бағамы бір АҚШ доллары үшін 380,71–385,10 теңге аралығында өзгерді. 2019 жылғы шілденің соңында теңгенің АҚШ долларына қатысты биржалық бағамы бір айда 1,0%-ға әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 384,21 теңге болды.

Теңге – АҚШ доллары валюталық жұбы бойынша операциялардың жалпы көлемі бір айда 12,8 млрд АҚШ доллары, оның ішінде Қазақстан қор биржасындағы биржалық сауда-саттықтардың көлемі – 2,7 млрд АҚШ доллары, биржадан тыс валюта нарығындағы операциялардың көлемі – 10,0 млрд АҚШ доллары болды.

Халық шілдеде нетто-негізде 241,1 млрд теңгеге барабар сомаға (2019 жылғы маусымда – 491,8 млрд теңге) қолма-қол шетел валютасын сатып алды. Шығыстардың негізгі көлемі АҚШ долларын – 61,0% немесе 147,1 млрд теңге, Ресей рублін – 20,3% немесе 48,9 млрд теңге, еуро – 18,3% немесе 44,0 млрд теңге сатып алуға бағытталды.

Шілдеде резиденттердің депозиттері 17,8 трлн теңгеге дейін 1,8% -ға өсті. Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі бір айда 9 749,6 млрд теңгеге дейін 3,5%-ға азайды, шетел валютасындағы – 7 862,2 млрд теңгеге дейін 9,1%-ға ұлғайды. Долларландыру деңгейі 2019 жылғы шілденің соңында 44,6% болды.