Ұлттық валюта әлсіреді

32
таңғы
Фото: kapital.kz

Алматы. 26 ақпан. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасынының (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 378,28 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (376,23 теңге / $1) ұлттық валюта 2,05 теңгеге әлсіреді.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 377,50 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 378,40 теңге, жабылу курсы бір долларға 378,40 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 19 млн 450 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 53.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 379 теңге, Алматыда – 380 теңге.

Ұлттық Банктің 26 ақпандағы ресми бағамы 1 доллар үшін 376,17 теңгені құрайды.