Лукашенко: өз тауарларымызды саудалау арқылы ЕАЭО тауар айналымын арттыруға болады

350
Лукашенко: өз тауарларымызды саудалау арқылы ЕАЭО

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) ішіндегі тауар айналымын арттыру тек өз тауарларамызды саудалау жағдайында ғана мүмкін болады деп мәлімдеді Белоруссия президенті Александр Лукашенко Қазақстан және Ресей президенттерімен бірге Астанада өткізген брифинг барысында.

«Жаңа ғана осы жерде бізде өткен жылы тауар айналымы шамамен 15-16%-ға  төмендеді деп айтылып жатыр. Бұл үрдіс жақсы емес, бірақ біз себептерін көріп отырмыз», — деді А.Лукашенко.

«Шешуге қажет күрделі мәселелер бар, бірақ арамыздағы тауар айналымын өсіру үшін қарапайым формула да бар, әрине, өз тауарларымызды саудалауымыз қажет. Және біз туралы айтқанбыз да», — деп түсіндірді ол.

Белоруссиялық лидердің пікірінше, «біздің ішкі нарығымызды өз тауарларымызбен толтыру бағыты — бұл нөмірі бірінші мәселе».

Бұған қоса, А.Лукашенконың айтуынша, одақ ішіндегі тауар айналымын арттыру үшін «тосқауылдардың алынып тасталынуын» қамтамассыз ету қажет.