«Құлжа» тас жолы жөнделеді

721

Алматы  қаласы мен облысын байланыстыратын «Құлжа» тас жолы алдағы жексенбіде жөнделе бастайды. Бұл туралы Kolesa.kz-ке «Қазавтожол» АҚ Алматы облыстық филиалы директорының  орынбасары Қуаныш Ескендіров хабарлаған.

Аталған сайттың хабарлауынша бұл жолға түбегейлі жөндеу 40 жыл бұрын жүргізілген. Соңғы жылдары жөндеу көрмеген жолда үлкен жарықшақтар пайда болған. Салдарынан кішігірім жол апаттары мен көлікті зақымдау оқиғалары жиі болады. Мәселен мына суреттегі көріністі өткен аптада ғана пиар маманы Ербол Азанбек салды.L-4utktr

«Алматыдан Құлжа трассасымен Кеген, Шелек, Есік бағытына жүретін болсаңыздар «Красное поле» мен Бәйтерек ауылына дейінгі аралықта абайлаңыздар. Жол шұрық-тесік. Бүгін таңертең дөңгелегімді мынандай қылып айырып тастады», деп жазды ол инстаграммдағы парақшасында.

Жүргізушілердің қуанышына орай биыл 21 шақырымдық аталған участокті жөндеуге республикалық бюджеттен 520 миллион теңге бөлініпті. Қазіргі кезде жөндеуші мердігер анықталып, жұмыстар 15 мамырда басталмақ екен. Kolesa-ның хабарлауынша жөндеу кезінде қозғалыс тоқтамайды. Жөндеу жұмыстары 2016 жылға дейін жалғаспақ.