Мұнай бағасы өсімін баяулатты

464
Мұнай бағасы өсімін баяулатты.............................

АҚШ-тағы бұрғылау қондырғылары бойынша статистиканың негізінде жұма күні мұнайдың дүниежүзілік бағасы өсімін баяулатты. Жылдық есеп бойынша қондырғылардың саны 40,7%-ға кеміді.

Brent маркалы мұнайдың мамырлық фьючерстерінің құны 0,8%-ға, барреліне 54,87 долларға дейін артты. Бұл ретте жұма күні Brent-тің баррелі 55,67 долларға дейін қымбаттаған еді. WTI маркалы мұнайдың сәуірлік фьючерстерінің бағасы 4,82%-ға, барреліне 46,08 долларға дейін өсті, сауда барысында оның бағасы барреліне 46,54 долларға дейін жеткен болатын.

Baker Hughes американдық мұна-газ компаниясы өткен аптада бұрғылау қондырғыларының кезекті азаюы туралы хабарлаған еді. Көрсеткіш қатарынан 15-апта төмендеп келеді — 56 бірлікке немесе шамамен 5%-ға, 1,069 мыңға дейін азайған. Жылдық есеп бойынша қондырғылардың саны 40,7%-ға кеміген.

«Осы факторлардың қайсыбірі дүйсенбі күннің сауда жағдайына ықпал ететіндігі белгісіз», — деп мәлімдеді Citi Futures аналитигі Тим Эванс. Оның айтуынша, мұнай нарығының қазіргі нығаюы нақты нарыққа байланысты емес.

Ақпарат көзі: РИА Новости