Мұнай бағасы өсуде: 1 барелль 48,78 доллар

598

Алдыңғы сауда-саттық аясында күрт түскен мұнай бағасы, сейсенбі күні қайтадан қымбаттай бастады. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлайды.

ICE Futures Лондон биржасында Brent мұнайының желтоқсан айындағы фьючерстерінің құны 1 барреліне 0,17-ге (0,35%) көтеріліп, 48,78 долларға дейін жеткен. Дүйсенбі күні нарықтың жабылу сәтінде   фьючерстерінің құны 1 барреліне 1,85-ке (3,67%) төмендеп,  48,61 долларға дейін түскен.

WTI мұнайының қараша айындағы фьючерстерінің құны Нью-Йорктің (NYMEX) электрондық тауар биржасында 1 барреліне 0,23-ке (0,5%) көтеріліп, 46,12 долларға дейін бағаланған. Соңғы сессиядағы сауда барысында 1 баррелге қатысты мұнай бағасы 1,37-ге (2,9%) арзандап, 45,89 долларға дейін жеткен.

«Мұнай нарығы өзгеріссіз қалады, WTI үшін сауда-саттық ауқымы бұрынғыдай 1 баррелге 43,5-50 доллар болып қалады. Егерде кейбір ерекше күтпеген жағдайлар болмаса, мысалы, дауыл сияқты, онда баға көпке дейін осы мөлшерде болады «,- деді Сиднейдегі CMC Markets -тің сарапшысы Майкл МакКарти.

Нарық қатысушылары сәрсенбі күні Энергетика министрлігі жариялайтын, АҚШ энергетика қорлары туралы мәліметті күтуде.
Сонымен қатар, Иран мемлекеті  санкция алынып тасталғаннан кейін бірден мұнай өндірісіне кірісетінін айтты.

«Санкция шегерісінен кейін Иран экспортқа тәулігіне 500 барелльге дейін шығара алады. Алты айдан кейін тәулігіне 1 млн барелльге дейін экспорттап, санкция кезінде нарықтан жоғалтқан үлесін қайтару мақсатында жұмыс істейтін болады»,-деді  National Iranian Oil мемлекеттік компанясының басқарушы директоры Рокноддин Джавади.