Алматы. 28 қыркүйек. 7kun.kz — 27 қыркүйекте «V.S.E.E» кинокомпаниясы, «Sulpak Cinema» компаниясы және Cinemax (Dostyk Plaza) кинотеатрлар желісі прокатқа бүгін шығатын «Любовь по наследству» (Мұра махаббат) қазақстандық фильмінің алдын ала жабық көрсетілімін өткізді.
Оқиға Астанада тұратын ағайындылар Арсен мен Арман туралы. Екеуінің де жасы отыздан асқан, екеуі де әлі үйленбеген. Бір күні әкесі ұлдарын үйге шақырады, анасы ұлдарының көзінше ауыр халмен ауруханаға түседі. Ата-ана балаларына бір шарт қояды: бұрыннан таныс отбасыдан апалы-сiңлi қыздарын алып, соларға үйлену керек. Сонда ғана шаңырақтың дүние-мүлкі оларға мұра боп қалады. Мұрасыз қалудан қорыққан ағайындылар ата-ананың шартын орындауға кіріседі.
Ағайындыларды сомдайтын танымал актер Мұрат Бисенбин және Instagram желісінде 1 млн жазылушысы бар, вайнер Нұрлан Батыров.
[caption id="attachment_77396" align="aligncenter" width="600"] Фото: gorodpavlodar.kz[/caption]Нұрлан Батыров үшін бұл рөл үлкен кинодағы дебюттік жұмыс болса, Нияз Әбдіғаппар үшін бұл режиссерлық дебют.
Сондай-ақ кинотуындыда Альбина Оганесян (бұған дейін тек сериалдарда түскен, үлкен кинодағы дебюті), Мөлдір Мекенбаева (дебют), Эдуард Табишев және фильмнің продюсері Данияр Рыскельдиевтың әйелі Азиза Рыскелдиева ойнайды.
Фильмнің бюджеті, Данияр Рыскелдиевтің айтуынша, 100 мың АҚШ доллары шамасында.
1,5 сағаттық комедиялық драма жанрындағы фильмді түсіру жұмыстары 2016 жылдың күзінде Астана қаласында өтті. Қоюшы оператор Сергей Селищев. «Любовь по наследству» (Мұра махаббат) отандық фильмі үлкен экранға 28 қыркүйектен бастап шығады.
Фильмді өндірумен Enterprise production компаниясы айналысады.
Естеріңізге салсақ, 2017 жылы Нияз Әбдіғаппар 2 картина түсірді "ПроЯвление" және "Путешественник".
Тэги:
- 7күнкз
- отандық фильм
- кино
- MK
- Sulpak Cinema
- кинотуынды
- Мұра махаббат
- қазақстандық киноөнім
- Любовь по наследству
- Нұрлан Батыров
- Мұрат Бисембин
- V.S.E.E
- Cinemax (Dostyk Plaza)
- Cinemax
- Dostyk Plaza
- Нияз Әбдіғаппар
- Альбина Оганесян
- Мөлдір Мекенбаева
- Эдуард Табишев
- Данияр Рыскельдиев
- Азиза Рыскелдиева
- Сергей Селищев
- Enterprise production
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024