М.Цукерберг: интернетті кеңейту арқылы 140 млн. жұмыс орнын ашуға болады

416

Дамушы елдердегі интернетке қолжетімділік 140 млн. жұмыс орындарын ашуға және 160 миллион адамды кедейшіліктен шығаруға көмектеседі. Бұл туралы сенбі күні БҰҰ штаб-пәтеріндегі орнықты даму жөніндегі саммит аясында ірі Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг айтты.

Цукерберг бүгінде күніне 4 млрд. адам жаһандық желі ұсынатын мүмкіндікке  қол жеткізе алмай отырғанын атап өтті.

«Интернетті дамушы елдердегі көптеген адамдарға қоса отырып, біз 140 млн. жаңа жұмыс орнын аша аламыз және 160 млн. адамды қайыршылықтан құтқарамыз және 600 млн.-нан астам балаға елеулі шығынсыз білім беруге мүмкіндік береміз», — деді ол.

Оның айтуынша, «интернет  жай ғана компьютерлер желісінен гөрі  көп дүние».

«Біздің заманымызда ол әлеуметтік-экономикалық прогрестің маңызды қозғаушы күші», — деп санайды Facebook негізін қалаушы. Ол сондай-ақ бүкілілемдік ғаламторды «адамның құқықтары мен мүмкіндіктерін ынталандырудың маңызды құралы ретінде қарауға» шақырды.

Цукерберг интернетті кеңейту және мүмкіндігін пайдалануды орнықты дамудың 17 мақсатын орындау стратегиясының негізіне алуды ұсынды.

«Миллиардтаған адамдар интернетті өз пікірін білдіруге және өзгерістерге қол жеткізуге пайдаланады, — деді миллиардер, — егер біз шынында әлем ұлттарын біріктіргіміз келсе, онда оларды желіге қосудан бастайық».