Маңғыстау облысында 411 отбасы 97,5 млн теңге көлемінде қайтарымсыз қаржылай көмек алды
Алматы. 11 желтоқсан. 7kun.kz - 2017 жылы "Өрлеу" жобасы аясында Маңғыстау облысында 411 отбасы 97,5 млн теңге көлемінде қайтарымсыз қаржылай көмек алды деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
2017 жылы Маңғыстау облысы бойынша «Өрлеу» жобасын іске асыру кезінде 411-ден астам отбасы немесе 2200 адам қатысты. Берілген қайтарымсыз ақшалай көмектің жалпы көлемі 97, 5 млн-нан астам теңге болды.
Бұл шаралар аз қамтылған азаматтардың жан басына шаққандағы орташа табысын 3,5 есе ұлғайтуға мүмкіндік берді.
Мұның алдында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қарағанды облысы аудандарының біріне жасаған жұмыс сапары барысында атаулы әлеуметтік көмек бағдарламасының негізгі қатысушылары ауылдық округтер мен аудан орталықтарының тұрғындары екенін атап өткен еді.
Еске сала кетерлігі, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік-еңбек саласын жаңғыртуға бағытталған бірқатар шаралар енгізілді. Бұл президенттің Ұлт жоспары - «100 нақты қадам» халыққа жолдауында кеңінен қамтылған еді.
Сонымен, 2018 жылдың 1- қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек жаңа форматта екі түрде беріледі. Қайтарымсыз және шартты ақшалай көмек әлеуметтік келісімшарт жасаған жағдайда күнкөріс деңгейінен 50 пайыз төмен адамдар мен отбасыларға беріледі.
1 – қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымы өзгереді. Бүгінге дейін оның көлемі 24 459 теңге болса, енді ол 16 пайызға көбейеді.
Базалық зейнетақыны тағайындау әдісіне де өзгерістер енеді. Егер бүгінгі күні базалық зейнетақы төленгенде адамның еңбек өтілі ескерілмейтін болса, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақының мөлшері еңбек өтіліне қарай тағайындалады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024